Канадалық De Havilland компаниясы алғашқы Dash 8-400 ұшағын жеткізді
Салынған уақыты 21.06.2019 10:31
Qazaq Air қазақстандық өңірлік авиакомпаниясы P4-AIR (зауыттық сериялық нөмірі MSN 4598) борт нөмірімен жаңа De Havilland Canada Dash 8-400 (бұрын Bombardier Q400 NextGen ретінде белгілі) ұшағын алды. Бұл компания паркіндегі осы үлгідегі бесінші ұшақ, алайда өндіруші — De Havilland Aircraft of Canada Limited үшін (канадалық Viking Air-дің еншілес компаниясы) бұл лайнердің берілуі Bombardier-дан осы бағдарламаны сатып алғаннан кейінгі Dash 8-400 ұшағының алғашқы жеткізілімі болды.
«Осы тамаша күні біз Qazaq Air авиакомпаниясына De Havilland Canada брендімен Dash 8-400 бірінші өңірлік лайнерін тапсыруға қуаныштымыз, — деді De Havilland Canada атқарушы директоры Тодд Янг. - Біз Dash 8/Q сериясындағы ұшақтар өндірісін дамытуды әрі қарай қарқынды жалғастырып, сатудан кейінгі қызмет көрсетуді жүзеге асыратын боламыз».
Bombardier компаниясы 1992 жылы de Havilland Canada сатып алып, төрт жылдан кейін DHC-8 турбовинттік ұшақтарын QSeries деп атады (quite — ағылшын тілінен аударғанда «тыныш» дегенді білдіреді). Өткен жылдың соңында канадалық авиаөндіруші Q400 Dash-8 сериясының ең соңғы модификациясын Viking Air бас ұйымының жергілікті Longview Aviation Capital Corporation компаниясына сату туралы жариялады. Биылғы жылдың басында ұшаққа бұрынғы атауын de Havilland қайта беретіні туралы белгілі болды. Ол үшін Онтарио провинциясында жаңа заңды тұлға — de De Havilland Aircraft of Canada Limited тіркелді.
Viking Air өзі DHC-1 Chipmunk-дан DHC-7-ге дейін шығарылған de Havilland барлық ұшақтарына сатудан кейінгі қызмет көрсетумен айналысады және Series 400 жаңа модификациясында DHC-6 Twin Otter шығарады.
1252