Ташкентте өткен халықаралық кеңеске 13 ел жиналды
Салынған уақыты 08.11.2024 13:22
Әуе қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі департаменттің директоры Асхат Кесікбаев, сондай-ақ Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің аға авиациялық инспекторы Әділ Өміртаев бастаған мамандар Ташкент қаласында өткен ICAO Route Development Group - East Special Coordination Meeting 2024 (RDGE-SCM) кеңесіне қатысты.
Кеңеске 13 елден жетекші авиакомпаниялардың және Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) өкілдері жиналды. Қазақстан Республикасының делегациясы мемлекеттік баяндаманы және халықаралық әуе кеңістігін дамытуға және әуе қозғалысына қызмет көрсетудің жаңа бағыттарын (ӘҚҚ) енгізуге бағытталған бірқатар бастамаларды ұсынды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында үшінші авиациялық дәліз құру жөніндегі ұсынысқа ерекше назар аударылды. RDGE таңдаулы бағыттар каталогына енгізілген жаңа дәліз Шығыс Азия мен Еуропа арасындағы көлік қатынасын жақсартуға бағытталған.
492