Қазаэронавигация» РМК өкілдері Routes World 2024 форумына қатысты
Салынған уақыты 14.10.2024 17:28
Бас директордың орынбасары Ардақ Тұлтайұлы Өтепов бастаған «Қазаэронавигация» РМК өкілдері Routes World 2024 форумына қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – халықаралық авиациялық бағыттарды дамыту. Шара 6-8 қазан аралығында Бахрейн Корольдігінің Манама қаласында өтті. «Қазаэронавигация» РМК қызметкерлері Japan Airlines (Жапония), China Airlines (Қытай), MNG Havayollari (Түркия), Cathay Pacific Airways (Гонконг, Қытай) авиакомпанияларымен, сондай-ақ авиация саласының басқа да өкілдерімен кездесулер өткізді.
Қатысушылар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың оңтайлы бағыттары мен перспективаларын талқылады. Бұдан басқа, Астана және Алматы қалаларының әуежайларымен бірге Qatar Airways (Катар), Air Asia (Малайзия), Gulf Air (Бахрейн), Fly Dubai (БАӘ), Garuda Indonesia (Индонезия), CGM Air Cargo (Франция), All Nippon Airways (Жапония) авиакомпанияларымен кездесулер өткізіліп, онда Қазақстан Республикасының аумағында қонатын рейстерді орындау және олардың жиілігін арттыру мүмкіндіктері талқыланды.
Форум аясында түрлі елдердің сарапшыларының қатысуымен конференциялар, салалық көрме, брифингтер мен семинарлар, сондай-ақ телекөпірлер өтті. Routes World шарасына барлығы 700-ден астам ұйым, оның ішінде 500-ден астам авиакомпания, әуежай және туристік сала өкілдері қатысты.
391