Ресейде әуежайлардың атаулары өзгертілді
Салынған уақыты 14.06.2019 10:04
«Президент Владимир Путин өз Жарлығымен бірқатар ресейлік әуежайларға атақты отандастардың аттарын берді» деп хабарлайды Интерфакс.
«Шереметьево» халықаралық әуежайы Александр Пушкиннің, «Домодедово» - Михаил Ломоносовтың, «Внуково» - Андрей Туполевтің атын иеленді.
Сонымен қатар, Воронеж халықаралық әуежайына (Чертовицкое) Петр І, Калининград әуежайына (Храброво) - Елизавета Петровна патшайымның, Краснодар әуежайына (Пашковский) – Екатерина ІІ, Мурманск әуежайына - Николай ІІ есімдері берілді.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Атауларды «Ресейдің ұлы есімдері» сайысының аясында таңдап алынған болатын. Оның барысында ресейліктер атақты ғалымдар, қолбасшылар, елдің қоғамдық және саяси қайраткерлерінің құрметіне 47 әуежайға атау таңдады.
1392