Airbus концерні 50 жылдық мерейтойын әуе шеруімен атап өтті
Салынған уақыты 13.06.2019 09:02
Әлемдегі ірі жолаушылар ұшақтарын өндірушілердің бірі, еуропалық Airbus концерні 50 жылдық мерейтойын әсерлі әуе шеруімен атап өтті, деп жазады Flightglobal.
Компания 1969 жылы 29 мамырда құрылған. Бұл күні Франция мен Германия үкіметтері Ле-Буржедегі авиасалонда әлемдегі алғашқы кеңфюзеляжды екі қозғалтқышты А300 ұшағын жасау бойынша бірлескен бағдарламаны іске қосу туралы келісімге қол қойды. Еуропалық мемлекеттердің мақсаты – АҚШ-тың авиақұрылыс компанияларының азаматтық авиацияның батыс нарығындағы үстемдігіне қарсы күрес болды.
Осы уақыт ішінде Airbus тапсырыс берушілерге өткен жылғы 800 әуе кемесін қоса алғанда, 12 мыңнан астам ұшақ жеткізді. 31 наурыздағы жағдай бойынша Airbus концернінің тапсырыс портфелі 7357 ұшақты құрады. Бүгін таңда Airbus әлемнің 180 қаласында 130000-нан астам қызметкер жұмыс істейтін жетекші әлемдік авиақұрылыс компанияларының бірі.
1307