ruenkz

Қазақстан халқы тілдері күні

Салынған уақыты 05.09.2024 13:21

“Қазаэронавигация” РМК Ақтау филиалында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай іс-шара өтті. Мұнда мемлекеттік тіл жөніндегі маман Гүлдария Қабылова бұл күннің неліктен 5 қыркүйекке ауыстырылғаны жөнінде мәлімет берді.

Мерекені тәуелсіз Қазақстан 1998 жылы бекітті және бұрын қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтілді. Мерекені атап өту 2017 жылы көрнекті ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне ұштастырып ауыстырылды. Бүгін мереке күндер тізбесінде бұл 5 құркүйекке қойылған.

Мереке жалғасын қызметкерлер қазақ, орыс, қырғыз және белорус ұлтының ұлттық киімін киіп, жиналғандарға өз мәдениетін таныстырды, өлең оқыды. Оларға ұлттық тағам ұсынып, қасиетті қара домбырамен күй тарту етті.

Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі - елімізде тұрып жатқан барлық ұлт өкілдерінің мәдениеті мен тіліне деген құрметті білдіретін мереке.

Бұл күн бізге халқымыздың бейбітшілікті, келісім мен бірлікті сақтаудың маңыздылығын еске салады. Бұл маңызды құндылықтар біздің тарихымыз бен мәдениетіміздің, жалпыұлттық сәйкестігімізді көрсетудің ажырамас бөлігі болып табылады.

728