Петропавл қаласының халықаралық әуежайымен және «Қазаэронавигация» РМК Петропавл филиалымен танысу
Салынған уақыты 06.06.2019 09:11
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған экскурсия «Әуежай деген не?» деген сұрақтан басталды. Жауаптар «Бұл біз ұшып келетін орын», «Бұл ұшақтар мен тікұшақтар тұратын орын» деген сияқты әртүрлі болды. Ал, «Әуежайда кім болды?» деген сұраққа жауап болмады. Қазаэронавигация филиалы қызметкерлері балаларының авиациямен таныстығы осылайша басталды.
Петропавлдың халықаралық әуежайын аралау терминалдан басталды. Өйткені онда жақында ғана жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ғимараты қайта жаңартылғандықтан көрсететін нәрселер көп болды.
Әрі қарай балалар тіркеуден өтіп, отырғызу талондарын алды және авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерімен сөйлесті, ол багажды тексеру үшін жабдықтың қалай жұмыс істейтінін айтып берді.
Содан кейін экскурсия перронда жалғасты, онда балалар іздестіру-құтқару тікұшағымен танысты. Балалардың қуанышында шек болмады! Мұндай техниканы қолмен ұстап көру, тіпті штурвалға отыру күнде бұйыра бермейтін ерекше мүмкіндік қой. Командир Владислав Колейников балаларға өзінің әуе кемесі туралы айтып берді, ал балалардың назары погондардағы алтын түстес қанатшалар мен тікұшақта болды. Қозғалтқышты іске қосып, перронмен жүру балаларға ерекше әсер қалдырды.
Экскурсия Қазаэронавигация филиалының ғимаратында жалғасты, онда балалар ауа райы қалай болжанып, ұшу туралы ақпарат қалай жіберілетіні туралы білді. Көрсе қызар балалар мұнараға көтеріліп, диспетчерлік құрамның қалай жұмыс істейтінін көре алды. Экскурсия соңында балалар үшін мерекелік дастарқан жайылды.
1370