Нұр-Сұлтан әуежайында терминалдар арасында өтпелі жол пайда болды
Салынған уақыты 05.06.2019 17:30
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында өтпелі галереяның құрылысы басталды, деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі. Өтпелі жол халықаралық және ішкі ұшу орындалатын Т1 және Т2 терминалдарын өзара қосады. Галереяның жалпы аумағы 1 000 шаршы метрді құрайды, ұзындығы-90 метр.
«Жаңа өтпелі галерея елордалық әуежайдың жолаушыларына далаға шықпай-ақ бір терминалдан екінші терминалға жетуге мүмкіндік береді. Жобаны жүзеге асыру мерзімі - 2019 жылдың қазан айы»,-деді әуежайдың баспасөз қызметі. Сонымен қатар, әуежайдың басшылығы құрылысқа байланысты уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.
1317