ruenkz

Embraer ұшақтары атауынан айырылады

Салынған уақыты 03.06.2019 14:43

«Boeing және Embraer бірлескен кәсіпорнының атауында Бразилиялық авиаөндірушінің аты көрсетілмейді» деп хабарлайды Ato.ru сайты.
2019 жылы қаңтар айында Embraer коммерциялық жолаушылар ұшақтарының 80%  сатып алған американдық компания жаңа БК Boeing Brasil-Commercial деп аталатынын деп хабарлады.
Embarer жолаушылар бөлімшесін сатып алу жоспары туралы алғаш рет өткен жылдың шілде айында Фарнбородағы авиасалонда айтылған болатын. Сатып алу бағасы Boeing үшін 4,2 млрд долларды құрады.
Embraer-мен жасалған мәміле Boeing үшін оның негізгі бәсекелесі – еуропалық Airbus компаниясына жауап болды.
Соңғысы 2018 жылы шілде айында канадалық Bombardier компаниясынан CSeries тар фюзеляжды ұшақтар бағдарламасын сатып алу мәмілесін аяқтады.
Еуропалық авиақұрастырушы, сондай-ақ, осы ұшақтарға Airbus A220 атын беріп. ребрендинг жүргізді

1240