ruenkz

Тараз қаласының «Әулие-Ата» әуежайында оқу жаттығулары болып өтті

Салынған уақыты 03.06.2019 12:17

29 мамыр күні «Әулие-Ата» әуежайында өзара әрекет етуші қызметтердің іс-қимыл тактикасын пысықтау, әуе кемесінің бортында тырысқақпен сырқаттану күдігі бар науқас анықталған кезде эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу бойынша оқу жаттығулары өткізілді.
 «Қазаэронавигация» РМК Жамбыл филиалының ӘҚҚ қызметі  әзірленген оқу жаттығу аңызы бойынша бекітілген бір-бірімен байланысты қызметтерге хабарлау схемасына сәйкес хабар берді.
Оқу жаттығуларына Көліктегі қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты сақтау комитеті, Жамбыл обаға қарсы күрес станциясы, Ұлттық сараптама орталығы, облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы, балалар жұқпалы аурулар ауруханасы, полиция қызметі және «Әулие-Ата» әуежайының қызметі қатысты.
Оқу жаттығуларына Тараз қаласы ТЖ Департаменті, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы, БАҚ және Тараз қаласы әкімдігі шақырылды. 
Аталған оқу жаттығуларының мақсаты санитарлық-карантиндік бақылау бөлімінің, әуежай, ұйымдар мен мекемелер қызметкерлерінің тырысқақпен сырқаттану күдігі бар науқасты анықтаған кездегі бірлескен іс-қимыл тактикасын пысықтау болды. Алдын ала берілген баға бойынша оқу  жаттығулары сәтті өтті.

1342