ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК -ның корпоративтік мәдениеті

Салынған уақыты 31.05.2019 10:29

Корпоративтік  мәдени  даму  мәселесі  біздің  кәсіпорын  үшін маңызды.  «Қазаэронавигация» РМК -ның корпоративтік мәдениеті мерекелік іс-шараларды мерекелеу, қызметкерлерді мәдени ағарту, тұрақталған дәстүріне құрметпен, ыждағатпен қарауға бағытталған.
Ұжым ішінде  әріптестердің  туған  күндері,   мемлекеттік  мерекелерді  атап өту  әдетке айналдырылған, кәсіпорын ішінара салт-дәстүрді сақтауға, қызметкерлерге  аталған  іс-шараларға   құрметпен қарауды тәрбиелеуге,  жалпы  елдің және ұжымның  қоғамдық  өміріне қатысуға  бағытталған  корпоративтік  іс-шараларды өткізеді.
Солардың  бірі  - жұмыскерлерді   зейнеткерлік  демалысқа  шығарып салу.
«Қазаэронавигация» РМК  Қарағанды филиалының  жұмыскерлері осы  дәстүрді сақтай  отырып,  2019 жылғы  27  мамырда  РТЖБП қызметінің  1-санатты  инженері Николай Александрович Ермаковты  зейнеткерлікке  шығарып  салды.
 Николай Александрович  Азаматтық  авиацияның  Рыльск   авиациялық техникалық  училищесін тамамдаған соң,  1976  жылдан  бастап   азаматтық  авиация саласында  қызмет етіп,  Балқаш  әуежайында  радиотехниктен  бастап  «Қазаэронавигация» РМК  Қарағанды филиалының  радиотехникалық  жабдықтар мен  байланысты  пайдалану  қызметі  ұшуды  радиотехникалық қамтамасыз  ету  кешенінің 1-санатты  инженеріне  дейінгі  еңбек жолынан  өтті. Оның  осы  саладағы еңбек  өтілі   45 жылды құрайды.  Жұмыс  кезеңінде  ол  өзін  үздік  ұйымдастырушы  және өз  ісін  білетін, сауатты  маман ретінде   көрсетті.
Мерекеде   ұжымның атынан алғыс хат және  естелік  сыйлық берілді, филиалдың  әйелдер қауымы   гүл сыйлады. Көптеген жылы сөздер мен тілектер айтылды,   оның  еңбек   жолын еске алды.

 

 

1246