ruenkz

Әлемдегі ең үлкен турбовентиляторлы қозғалтқышты сынау аяқталды

Салынған уақыты 23.05.2019 08:17

Американдық GE Aviation компаниясының GE9X турбовентиляторлы қозғалтқышының ұшу кезіндегі соңғы сынақтары аяқталды. Ұшу зертханасындағы қозғалтқышы ауыстырылған Boeing 777X ұшағына арналған сынақтың аяқталуы коммерциялық ӘК арнап өндірілетін ең үлкен желдеткіші бар қозғалтқышты пайдалануға берудегі тағы бір маңызды қадам болмақ. Ұшу кезіндегі сынақтар 2018 жылдың желтоқсан айында басталды. 

 

Естеріңізге сала кетейік, алғашқы ұшу өткен жылдың 13 наурызында, кестеден қалыс қалумен орындалған болатын. Бастапқыда бұл                                     2017 жылдың соңында болады деп болжанған еді. Ұшу сынақтарының бірінші кезеңі GE компаниясы 2018 жылдың ақпан айында ұшақ қалақшаларының бұрылу жетегінің тетігінде проблемалар табылғаны туралы жариялағаннан кейін бірнеше айға кейінге қалдырылған болатын.

Негізгі тестілеу кезеңі 7 мамырда аяқталды. Ол ең алдымен АҚШ-тың Федералдық авиациялық әкімшілігі (FAA) тарапынан сертификаттаудан өтудің параметрлерін растады. «Тестілеу қозғалтқыштың қолайсыз жағдайларда штаттық режимде жұмыс істеуін жалғастыратынына көз жеткізу мақсатында жоғары шабуылдау бұрышында (AOA) өтті», — деп жеткізді GE Aviation аға ұшқыш-сынаушысы Джон Охмен.

Есептік тартымы 45,4 т GE9X турбовентиляторлы қозғалтқышының композициялық корпуста орнатылған және төртінші буынды көмірпластиктен жасалған 16 қалақшамен жабдықталған әлемдегі диаметрі ең үлкен — 3,4 м желдеткіші бар. Турбовентиляторлы қозғалтқыштың ерекше сипаттамаларының ішінде қысу дәрежесі 27:1 болатын жоғары қысымды 11 сатылы компрессор, үшінші буынды TAPS III жану камерасы (алдын ала араластыратын қос сақиналы бұрғышы бар), жану камерасында және турбинада керамикалық матрицалар негізінде композициялық материалдарды қолдану бар.

Boeing 777-9 базалық моторы ауыстырылған нұсқадағы әуе кемесінің алғашқы ұшуы осы жазға жоспарланған. Әуе кемелерін жеткізу 2020 жылы басталады деп күтілуде. Бұл күш қондырғысы 2022 жылы пайдалануға берілетін сыйымдылығы аз Boeing 777-8-ге арналған.

1524