ruenkz

2019 жылғы 14 мамырда «Қазаэронавигация» РМК «ОШ ӘҚҰ ӨО» филиалының метеорологиялық қызметінде финляндифлық «Vaisala Oyj» компаниясының өкілі желдің жылжуын анықтау және хабарлау жүйесі бойынша презентация өткізді.

Салынған уақыты 21.05.2019 08:31

2019 жылғы 14 мамырда «Қазаэронавигация» РМК «ОШ ӘҚҰ ӨО» филиалының метеорологиялық қызметінде финляндифлық «Vaisala Oyj» компаниясының өкілі желдің жылжуын анықтау және хабарлау жүйесі бойынша презентация өткізді.

ИКАО ережелерінде желдің жылжуы туралы ақпарат төмендегілерді пайдалану арқылы берілуге тиіс деп көзделеді:

  • метеорологиялық есептердегі қосымша ақпаратты;
  • желдің жылжуы туралы ескертуді;
  • желдің жылжуы туралы хабарламаны.

Презентация барысында жазатайым оқиғалардың себептері, авиациялық оқиғалар, желдің ығысу феномені (негізгі трлері), желдің бәсең ұйытқуы, тік бағытты ұйытқу профилі, желдің көлденең және тік жылжуы – реакция уақыты туралы айтылды. Сонымен қатар, презентация барысында желдің жылжуын анықтау және өлшеу жүйелері, яғни llwas анемометрлері, лидар, жел профиль өлшегіші және допплерлік метеорологиялық радиолокатор туралы мәліметпен танысты.

«Vaisala» llwas желдің жылжуын анықтау үшін бірегей шешімі ICAO / FAA ұсыныстарына сәйкес келетін «NCAR LLWAS» алгоритмінің жаңа нұсқасы болды.

Негізгі артықшылықтары бар инвестициялар:

Әуежайлардың барлық түрлері үшін жоғары қауіпсіздік пен тиімділік. Сонымен қатар датчиктер саны мен LLWAS жүйесін орнату орнын таңдауды бағалау туралы айтылды.

2019 жылғы 14-16 мамыр аралығында финляндиялық Vaisala Oyj компаниясының өкіл, LLWAS жүйесін орнату орнын таңдау үшін Алматы әуеайлағына тексеру жүргізді.

Әуеайлақты тексеру есебін, сондай-ақ Алматы әуеайлағы үшін жаңартылған презентацияны финляндиялық «Vaisala Oyj» компаниясы                                 

15 күнтізбелік күннен кейін ұсынуға уәде берді.

1403