ruenkz

Дубайда транзиттік жолаушылар үшін Stopover Pass жобасы іске қосылды

Салынған уақыты 20.05.2019 08:31

Дубайдағы транзиттік жолаушылар үшін арнайы The Dubai Stopover Pass жобасы іске қосылды. Бұл әуежай терминалынан шығып, қаланың басты көрікті жерлерін көруге мүмкіндік беретін ерекше рұқсатнама. Бұл туралы Conde Nast Traveller жазады.

Дубайда бір ұшақтан екінші ұшаққа қайта отырғыылзатын жолаушылар уақытты әуежайда өткізудің орнына, қала бойынша серуендеп, кезексіз және арнайы бағамен The Dubai Stopover Pass картасы арқылы жергілікті көрікті жерлерге бара алады.  Оны іске қосқан сәттен бастап 36 сағат бойы қолдануға болады. Мұндай рұқсатнама кіру билеттеріне жұмсайтын қаражатты 60%-ға дейін үнемдеуге және Дубайдың басты көрікті жерлерінде – әлемдегі ең биік Бурдж-Халифа ғимаратының қарау алаңына, субұрқақтар шоуына, Дубай аквариумы мен Дубай рамкасындағы су асты хайуанаттар бағында және                          т. б. жерлерде кезекте тұрмауға мүмкіндік береді.

Туристерге екі, үш немесе төрт көрікті жерлердің карталары қолжетімді. Бұл ретте таңдауға 30-ға жуық орын ұсынылады. Қосымша ақы үшін City Sightseing қызыл туристік автобуспен саяхаттауға немесе эмиратты судан қызықтап, ДОУ қайығында кешкі ас ішуге болады. The Dubai Stopover Pass картасының құны екі жерге баруды қосқанда 57 АҚШ долларынан басталады. Туристер рұқсатнаманы DubaiPass сайтынан сатып ала алады.

1468