«Қазаэронавигация» РМК қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы анонс
Салынған уақыты 26.07.2024 17:48
«Қазаэронавигация» РМК қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» «Қазаэронавигация» РМК бас директорының 2024 жылғы 24 шілдедегі №05-03-7-521 бұйрығына сәйкес кәсіпорында ағымдағы жылдың 10 тамызы мен 20 қыркүйегі аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі – СТІТ) жүргізіледі.
СТІТ мына бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) кәсіпорынның қызметін регламенттейтін ішкі құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) кәсіпорынның ұйымдық-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
3) мемлекеттік сатып алу саласында және кәсіпорынның жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
4) кәсіпорынның даму жоспарын қалыптастыру, бюджет пен қаржы бөлу саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Кәсіпорын қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мәселелері бойынша келесі телефондар бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз:
- комплаенс қызметінің бастығы Жаңалық Бекмырзаұлы Еламанов, (7172) 700-183, эл.мекенжайы: Zhangalyk.Yelamanov@ans.kz;
- 8-700-340-01-55 телефоны бойынша (телеграмм, вотсап) Кәсіпорынның Комплаенс қызметінің «сенім телефонына» дауыстық хабарлама;
- Кәсіпорынның office@ans.kz электрондық почтасына электрондық хабарлама.
829