Қазаэронавигация мамандары EUROCONTROL өкілдерімен кездесті
Салынған уақыты 25.07.2024 12:39
CANSO шақыруы бойынша әуе қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі департаменттің директоры Асхат Кесікбаев бастаған Қазэронавигация мамандары EUROCONTROL және CANSO өкілдерімен өткен кеңеске қатысты. Жұмыс кездесуі Бельгияның Брюссель қаласында өтті. Оған, сондай-ақ, «Узаэронавигация» МУК, «Тәжікаэронавигация» МУК және DHMI (Түркия) өкілетті тұлғалары қатысты. CANSO – аэронавигациялық қызмет провайдерлерінің мүдделерін білдіретін әуе қозғалысын басқарудың жаһандық үні.
«European Green Sky» бағдарламасы бойынша директордың міндетін атқарушы Мэрилин Бастин бастаған EUROCONTROL өкілдері кеңес қатысушыларымен EUROCONTROL және Орталық Азияның аэронавигациялық ұйымдары арасындағы ынтымақтастық және деректермен алмасу мәселелерін талқылады.
Жұмыс кездесуі аясында Қазаэронавигация қызметкерлері Брюссель және Париж қалаларындағы әуе қозғалысын жоспарлау орталықтарына барды. Айтқандай, соңғысы инновациялық болып табылады. Ол әуе қозғалысын басқару саласында жаңа технологиялар мен шешімдерді енгізу платформасы ретінде қызмет етеді. Бұл орталық авиациялық көліктің қауіпсіздігін, тиімділігін және экологиялық тұрақтылығын арттыру мақсатында инновацияларды зерттеу және әзірлеумен айналысады.
Әуе қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі департаменттің директоры Асхат Кесікбаевтың айтуынша, ынтымақтастықты нығайту және EUROCONTROL-мен жұмыс істеудің озық әдістерімен алмасу осы сапардың маңызды нәтижесі болды. Біз осы бағытта жұмыс істеуге дайын екенімізді растадық және EUROCONTROL ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.
1472