Атырау қаласындағы мектептерде «Болашақ мамандықты таңдау» атты кәсіпке бағдар беру жұмыстары
Салынған уақыты 17.05.2019 10:40
«Қазаэронавигация» РМК Атырау филиалының ӘҚҚ және метеорологиялық қызметтерінің қызметкерлері Х.Ерғалиев атындағы №35 мектеп-гимназиясы мен ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын орта техникалық гимназиясының жоғарғы сынып оқушылары арасында кәсіпке бағдар беру бойынша жұмыстарды ұйымдастырды.
Лекция-әңгімелесу барысында оқушылар авиациялық диспетчер мен метеоролог мамандығына үлкен қызуғышылық білдірді және сонымен қатар авиадиспетчерге ағылшын тілінен ең аз дегенде төртінші деңгейдің қажеттігі назарларына ерекше ілікті, оқушылар арасында ағылшын тіліне деген үлкен қызығушылық тудыруының да өзіндік себебі бар, Қазақстанның басқа өңірлеріне қарағанда Атырау қаласында ағылшын тілі үлкен сұранысқа ие. Атырау – Қазақстанның мұнайлы астанасы және қалада шетелдік компаниялар мен олардың филиалдары көп, сондықтан барлығы мектеп қабырғасында және орта/жоғары оқу орындарынан ағылшын тілінен алған білімдерін шынайы сөйлесу арқылы өмірлік жағдайда пайдаланып және дамыта түсуге талпынады. Кәсіпке бағдар беруге бағытталған лекция-әңгімелесу өте қызықты өтті, қатысушы оқушылардың барлығының да қызығушылықтарын арттыра түсу үшін, оқушыларға қарапайым, бірақ маңызды: ұшақтарды жүргізу үшін қандай жанар-жағар отыны қолданылады, метеожағдай бойынша рейстер не үшін қону немесе ұшу уақытынан кешіктіріледі деген сияқты т.с.с. сұрақтар қойылды, осы арқылы барлық қатысушы оқушылар да, тіпті мұғалімдер де асқан зейінмен тыңдады, лекция-әңгімелесуден бұрын білмегендерін енді білгендерін атап өтті.
1453