ruenkz

Әлемдік жолаушылар авиатасымалдауларының өсуі 3,1% дейін төмендеді

Салынған уақыты 17.05.2019 08:52

Халықаралық әуе көлігі қауымдастығына (IATA) сілтеме жасай отырып, «Наурыз айында әлемдік жолаушылар авиатасымалдаулары көлемінің өсуі ақпан айында 5,3%-ға көтерілгеннен кейін жылдық мәнде 3,1% дейін баяулады, бұл соңғы тоғыз жылдағы ең төмен көрсеткіш» деп хабарлайды Вести.Экономика сайты.

«Наурыз айында өсім айтарлықтай баяуласа да, өткен айдың көрсеткіші                        2019 жылғы үрдісті айқындайды деп ойламаймыз», - деген IATA бас директоры Александр де Жуньяктың сөздері релизде келтіріледі.

IATA мәліметтері бойынша өңірлік бөліністе көрсеткіштің едәуір өсуі Латын Америкасында - 5,6%, Еуропада - 4,9% және Солтүстік Америкада да 4,9% деңгейінде байқалды. Азия-Тынық мұхиты өңірінде (АТӨ) өсім 1,9%, Африкада - 2,6% құрады, бұл ретте индикатор Таяу Шығыста 3% төмендеді.

1240