ruenkz

Германияның авиация саласымен ынтымақтастық

Салынған уақыты 11.07.2024 10:54

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі, Лицензиялау департаментінің директоры Әділжан Сұлтанов және "Қазаэронавигация" РМК қызметкерлерді оқытуды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Бақтияр Юсупов 2024 жылғы 2-3 Шілдеде Германияның Федералдық авиация билігі BAF және Ланген қаласындағы (Германия) DFS академиясына барды.

BAF тарапынан кездесуге лицензиялау басқармасының басшысы Грегор Кенси және аэронавигациялық қызмет жеткізушілерін бақылау мен қадағалауға және әуе қозғалысына қызмет көрсету жөніндегі диспетчерлеріне (ӘҚҚ диспетчерлері), метеорологтар, ERTOS инженерлері, AFIS және т.б. лицензиялауға жауапты BAF бөлімінің басшысы Тобиас Вульф қатысты. Германияның тәжірибесі ерекше қызығушылық тудырады, өйткені BAF аэронавигация саласында 30-дан астам түрлі провайдерлер мен ұйымдарды қадағалайды. Сондай-ақ, неміс тарапы ATSEP және AFIS қызметкерлеріне куәлік беру тәжірибесімен бөлісті. BAF өкілдері екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін Қазақстанға келуге ниет білдірді.  

DFS Академиясына барған кезде кездесуге Академия директоры Отто Фишер, DFS aviation services аймақтық менеджері Кристиан Рейнеке, DFS кеңесшісі Вальтер Линке қатысты. Келіссөздердің негізгі тақырыбы "Қазаэронавигация" РМК қызметкерлері мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің инспекторларын даярлау саласындағы ынтымақтастықты дамыту болды.

Германияның DFS академиясы аэронавигациялық мамандарды даярлау саласындағы жетекші, ірі және негізгі оқу орталықтарының бірі болып табылады. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мен "Қазаэронавигация" РМК өкілдері заманауи тренажер жабдықтарымен (360 градусқа 3D визуалдауды қоса алғанда) және оқу аудиторияларымен танысты. Сондай-ақ, неміс тарапы Ланген ӘҚҚ орталығымен танысуға және келуге мүмкіндік берді.

Германияның қажеттіліктері үшін авиациялық персоналды даярлауға сұраныстың жоғары болуына қарамастан (диспетчерлер қажеттілігі жылына 120 адамға дейін) DFS академиясы "Қазаэронавигация" РМК ӘҚҚ диспетчерлерін және Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің авиациялық инспекторларын даярлау саласындағы ынтымақтастықты дамытуға дайындығы мен ниетін білдірді.

631