"Қазаэронавигация" РМК Авиамедициналық орталығының басшысын зейнеткерлікке құрметпен шығарып салды
Салынған уақыты 05.07.2024 15:47
Гүлмира Дүйсенбаева ондаған жылдар бойы Қазаэронавигацияға адал еңбек сіңіріп, дамуына баға жетпес үлес қосты.
Ол авиациялық медициналық орталықты 20 жыл бойы басқарды. Күн сайын Гүлмира Хайртденқызы әріптестерімен бірге Қазақстанның әуе кеңістігінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосты.
Оның маман ретінде қалыптасуы 1986 жылы институтты бітіргеннен кейін Жамбыл облыстық ауруханасында басталды. Еңбек жолын бастағаннан бері өз ісінің тәжірибелі маманына айнала отырып, Гүлмира Хайртденқызы 1999 жылы азаматтық авиация саласының медициналық қызметіне келді. Ал 2005 жылдан бастап авиациялық медициналық орталықты басқара бастады. Оның басшылығымен бірқатар реформалар жүргізілді, нәтижесінде орталықтың жұмысы едәуір жақсарды және оны жоғары деңгейге көтерді.
Короновирус пандемиясы кезінде кәсіпорынның барлық филиалдарында әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша медициналық персоналдың үздіксіз жұмысы ұйымдастырылды және бұл Гүлмира Хайртденқызының кәсібилігінің арқасында мүмкін болды.
Бүгін Гүлмира Хайртденқызының ерекше еңбегі мен авиация саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін кәсіпорын бас директорының атынан алғыс хат табыс етілді, сондай-ақ ҚР Көлік министрлігінің атынан «Еңбек Ардагері» медалі табысталды.
Гүлмира Хайртденқызы, «Қазаэронавигация» РМК басшылығы мен ұжымы кәсіпорынға сіңірген еңбегіңіз үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Сізге денсаулық, бақыт және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз. Сіздің өміріңіздің жаңа кезеңі қуанышқа, жаңа жетістіктерге және бақытты сәттерге толы болсын.
631