ruenkz

Шереметьеводағы қайғылы оқиғадан кейін Алматы әуежайының төтенше жағдайларға дайындығы туралы айтылды

Салынған уақыты 16.05.2019 08:45

Алматы халықаралық әуежайы жолаушыларының қауіпсіздігі ИКАО Халықаралық азаматтық авиация ұйымының ережелері мен ұсынымдарында көрсетілген ұсынымдарға сәйкес жоғары деңгейде қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Спутник-Қазақстан.

Тәулік бойы әуежайда ұшуды іздестіру және авариялық-құтқару қызметі жеке құрамының 25 адамы кезекшілік етеді. Төтенше жағдай болған жағдайда ол жерге бірінші арнайы машина үш минут ішінде, екінші бір минут өткен соң келеді. Ауысымда әуеайлақтың өрт сөндіру техникасының бес бірлігі тұрады.

 «Алматы әуежайында қажет болған жағдайда жедел-құтқару бөлімшелері келетін үш бастапқы станция бар. Негізгі станция ұшу-қону жолағының ортасында, қалған екеуі екі басының бүйірінде орналасқан. Осы талаптардың барлығы ИКАО Халықаралық азаматтық авиация ұйымының ұсынымдарына негізделген", - деді Алматы әуежайының баспасөз хатшысы Наталья Соколова.

 

1232