Boeing жаңа бағдарламалық қамтылыммен 737 MAX үлгісіндегі ұшақтарға қосымша ұшу сынақтарын өткізді
Салынған уақыты 16.05.2019 08:44
Boeing компаниясы оны сертификаттауға дайындық аясында жаңартылған бағдарламалық қамтылыммен 737 MAX ұшақтарына қосымша ұшу сынақтарын өткізді, деп хабарлады РИА Новости.
737 MAX лайнерлерін пайдалану бағдарламалық қамтылым жұмысындағы проблемаларға байланысты бүкіл әлем бойынша тоқтатылды. Компанияның берген есебіне сүйенсек, 737 MAX үлгісіндегі ұшақтарды өндіруге жұмсалатын қосымша шығын
1 миллиард долларды құрайды.
«Boeing бағдарламалық қамтылыммен (жаңартылған) ресми инженерлік сынақ ұшуын – сертификаттық ұшу алдындағы соңғы техникалық ұшу сынақтарын аяқтай отырып, сертификаттау сатыларынан үздіксіз өтіп келеді. Жалпы, біздің талантты сынаушы ұшқыштарымыз жаңартылған бағдарламалық қамтылыммен 737 MAX ұшағында 246 сағат бойы әуеде жалпы алғанда 146 ұшуды жүзеге асырды», - деді компания өкілі. Ол бүкіл әлем бойынша 50-ден астам 737 MAX операторларының 90% - ы жаңартылған бағдарламалық қамтылымды тексеріп көргенін еске салды.
1302