ruenkz

TIACA-ның Орталық Азиядағы алғашқы іс-шарасы Астанада өтті

Салынған уақыты 25.06.2024 16:48

Үстіміздегі жылғы 20 маусымда жүк тасымалы және логистика бойынша өңірлік форум өтті. Форум Халықаралық жүк авиатасымалдары қауымдастығының (TIACA) қолдауымен ҚР Көлік министрлігі және Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің ұйымдастыруымен өтуде.

Өңірлік форумға қатысушыларға Көлік министрі Марат Қарабаев, Халықаралық жүк авиатасымалдары қауымдастығының (TIACA) төрағасы Стивен Полманс, TIACA бас директоры Глин Хьюз және Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду құттықтау сөз сөйледі. «Silk Road in the Sky – Kazakhstan Air Cargo Hub» атты форумның ашылу салтанатына «Қазаэронавигация» РМК бас директоры Нұржан Ахметов қатысты.

Silk Road in the Sky – Kazakhstan Cargo Hub форумы Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыруға елеулі үлес қосуға бағытталған. Форум барысында жеке ұйымдар өзара келіссөздер жүргізіп, бірқатар әуежайлар (Астана, Қарағанды, Ақтөбе қалаларының әуежайлары) мен MNG Airlines, MSC Air Cargo SA, Coyne Airways Limited және Alpha Sky (Қазақстан) (TBC) арасында құжаттарға қол қойылды, сондай-ақ TIACA мен жергілікті әуежайлар (Ақтау, Ақтөбе, Астана, Қарағанды, Орал қалаларының әуежайлары) және SCAT авиакомпаниясы, сондай-ақ TIACA Халықаралық жүк авиатасымалдары қауымдастығы мен JARUS ұйымы арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Форумға жүк тасымалының барлық сатысына қатысатын әртүрлі ұйымдардың атынан 30 елден 300-ден астам қатысушы келді. Форум барысында сала сарапшылары саланың нормативтік-құқықтық базасы, жүк тасымалы саласының ағымдағы жай-күйіне шолу, мультимодальды логистика, жүк авиациялық хабтарын құру, жүк авиатасымалдарының үрдістері, инновациялары мен цифрландырылуы, электрондық коммерцияның мүмкіндіктері мен сын-қатерлері, жүк тасымалдарының тұрақты дамуы және экологиялық авиациялық отын (SAF) сияқты бірнеше бағыттар бойынша өзекті мәселелерді талқылады.

«Building Air Cargo HUBs»  деп аталатын авиациялық форумның төртінші сессиясында «Қазаэронавигация» РМК-ның әуе қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі департаменті директорының орынбасары Қайрат Тіленшин сөз сөйледі.

Қайрат Николайұлы өз сөзінде жүк авиатасымалын дамытуға Қазақстанның әлеуеті зор екенін атап өтіп, аэронавигациялық қызмет көрсетудегі ұлттық провайдер – Қазаэронавигацияның Қазақстан Республикасының аумағында және Орталық Азияда авиациялық жүк тасымалы хабтарын құрып, оларды дамытуға ықпалын тигізетін жобаларына, сондай-ақ, Қазақстандағы әуе қозғалысын ұйымдастыру жүйесінің негізгі сипаттамаларына толығырақ тоқталды.

Қазақстандық компаниялардың әлемдік қоғамдастықпен өзара іс-қимылы және озық технологияларды қолдану Орталық Азия елдерімен тауар айналымын 6,3-тен 15,0 млрд. АҚШ долларына дейін, оның ішінде қазақстандық экспортты 560 млн. АҚШ долларына жеткізу арқылы  2,4 есе арттыруға көмектеседі.

692