«Қазаэронавигация» РМК Ақтау филиалы ӘҚҚ қызметінің мамандары Ақтау қаласының бірқатар мектептерінде жоғарғы сынып оқушыларымен кездесулер өткізді.
Салынған уақыты 15.05.2019 09:33
ӘҚҚ диспетчерінің жұмысы қатардағы қарапайым халықтың көзіне көріне бермейді және кейде көбісі тіпті әуе кеңістігінің бір «тілімінде» бір мезгілде болатын барлық әуе кемелерінің қауіпсіздігіне жауап беретін адамның бар екенін аңғара бермейді. Авиадиспетчердің негізгі міндеті – әуе кемелерінің қозғалысын басқару. Бұл өте күрделі әрі жауапты міндет.
Авиадиспетчердің жұмысын көрсету, диспетчерлердің кәсіби дағдыларын даярлау және қолдау ерекшеліктері туралы әңгімелеу үшін «Қазаэронавигация» РМК Ақтау филиалы ӘҚҚ қызметінің мамандары Ақтау қаласының бірқатар мектептерінде жоғарғы сынып оқушыларымен кездесулер өткізді. Кәсіби бағдарлау жұмыстарын өткізу мақсатында, оқушыларға диспетчердің жұмысы туралы түсінік беретін бейне материалдар көрсетілді. Авиадиспетчер әуе жағдайын жыдам әрі қатесіз бағалауы, тез дұрыс шешім қабылдауы, әуе қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әуе кемесінің бортына қажетті команда беруі қажет. Авиадиспетчер кез келген сәтте басқарылатын ұшақтың қайда екенін білуі тиіс, оның қалай әрекет ету керектігі жөнінде экипажға дер кезінде ойға салуы қажет.
Оқушылардың авиадиспетчер мамандығына деген қызығушылығы жоғары болды. Сондай-ақ кездесулерде ӘҚҚ диспетчерлерін бастапқы даярлауға, техникалық пәндер мен шет тілдерін білу маңыздылығына қатысты мәселелер талқыланды.
1292