ruenkz

Баку қаласында Дүниежүзілік аэронавигация саммиті өтті

Салынған уақыты 18.06.2024 18:04

2024 жылғы 11-13 маусым аралығында Бакуде Әзербайжанның әуе кеңістігіндегі ұшуларға авиациялық қызмет көрсетуге жауапты орган – «Azerbaijan Airlines» ЖАҚ құрамына кіретін «Азераэронавигация» ӘҚБ (AZANS) ұйымдастырған CANSO 2024 Дүниежүзілік аэронавигация саммиті өтті. Әлемнің 100-ден астам елінің азаматтық авиация саласындағы 350-ге жуық басшысы халықаралық іс-шараға қатысуға ниет білдірді. Саммитке бас директор Нұржан Ахметов бастаған «Қазаэронавигация» РМК өкілдері де қатысты.

Баку Саммитінің ашылу салтанатында CANSO бас директоры Саймон Хоккард, COP29 президенттігіне сайланған экология және табиғи ресурстар министрі Мухтар Бабаев және бейнебайланыс форматында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) президенті Сальваторе Шаккитано сөз сөйледі.

«Бұл іс-шараны идеялармен, озық тәжірибелермен алмасу және жаңа серіктестік орнату алаңы ретінде пайдаланайық. Жұмыла жұмыс жасай отырып, біз жаһандық газ шығарындыларын азайтып, климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі ортақ мақсаттарымызға жетуге елеулі үлес қоса аламыз», –     деді COP29 президенттігіне сайланған экология және табиғи ресурстар министрі Мұхтар Бабаев. 

Әуе қозғалысын басқару саласындағы әлемдік көшбасшылар мен CANSO мүшелері ұйымның болашағы үшін маңызды шешімдер қабылдаудың негізгі мәселелерін талқылады. Олардың барлығы экологиялық тұрақтылыққа, авиацияның көміртегі ізін азайту мәселелеріне, инновациялық технологияларды енгізуге, экологиялық қауіпсіз ұшуларға қол жеткізу үшін әуе қозғалысына қызмет көрсету процесстерің жетілдіруге қатысты болды.

Сондай-ақ, 14 маусымда Еуропа-Азия өңірінің аэронавигациялық қызмет көрсетушілері бас директорларының кездесуі өтті. Кездесу барысында дамудың жалпы тұжырымдамасы мен CANSO ATFM (Air Traffic Flow Management) әуе кемелерінің легін ұйымдастыру жүйесінің презентациясы ұсынылды.

Төрт күндік іс-шара аясында «Қазаэронавгиация» РМК мамандары аэронавигациялық қызмет провайдерлерінің басшыларымен, CANSO өкілдерімен және серіктес компаниялармен екіжақты кездесулер өткізді.

CANSO Халықаралық азаматтық аэронавигация қызметтері ұйымы – әуе кеңістігін басқаратын, оның болашағын қалыптастыратын жаһандық ұйым. CANSO мүшелері әлемдік әуе қозғалысының шамамен 90 пайызына қызмет көрсетеді және әуе навигациясы қызметін көрсетушілерді, әуе кеңістігін пайдаланушылар мен операторларды, сондай-ақ авиациялық техниканы  өндірушілер мен жеткізушілерді қамтиды. CANSO білім, тәжірибе және инновациялармен бөлісу үшін сала әлеуетін біріктіру арқылы әуе қозғалысын басқарудың жаһандық тиімділігін  арттырады.

773