Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі кәсіптік бағдар беру жұмысы.
Салынған уақыты 29.04.2019 16:39
Әрбір адамның өміріндегі басты мақсаттардың бірі, оның кәсіби мансабында мамандық іздеу, таңдау және меңгеру туралы мәселе болып табылады.
Таныстыру және жастардың ӘҚҚ диспетчерлерінің қызметіне қызығушылығын арттыру мақсатында "Қазаэронавигация" РМК қызметкерлері 2019 жылғы 23 сәуірде Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастырды.
Тұсаукесерді өткізу кезінде компанияның қызмет саласы, қауіпсіздік пен сапаны қамтамасыз ету жөніндегі басты миссиясы және біздің ұйымның құрылымдық құрамы туралы ақпарат ұсынылды.
Сондай-ақ, тұсаукесерге тағылымдамадан өтушіні диспетчерді шақыра отырып, диспетчерлерді бастапқы даярлау курстарына өтінім беру процедурасы, оқу үрдісі және оқу орнында оқу талаптары жан-жақты сипатталды.
Өз кезегінде, оқушылар тарапынан кәсіпке қызығушылық артты, авиадиспетчердің қызметіне қатысты көптеген сұрақтар қойылды.
Оқушылар авиация саласындағы жоғары зерделілік пен сауаттылықты көрсете білді, бұл біздің ұйымның болашақ мамандары мен жалпы еліміздің болашағы туралы айтады.
1316