ruenkz

ШЫМКЕНТ МЕКТЕПТЕРІНДЕ КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ САБАҚТАРЫ ӨТТІ

Салынған уақыты 03.05.2019 16:38

Авиадиспетчер – әуе кемелерінің қауіпсіз, тиімді, тұрақты және реттелген қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында әуе қозғалысына қызмет көрсететін маман. Авиадиспетчердің жұмысы әрқашан ерекше болды. Жұмыс үстіндегі диспетчерді көрген немесе естіген адам сирек, сондықтан оның қалай болып жатқанын елесте алмайды. Кәсіби міндеттерінің шеңберіне не кіреді және қалай авиадиспетчер болуға болады? Бұл туралы Шымкент қаласының жоғарғы сынып оқушылары білді.

Мамандық таныту және аэронавигация саласында жастарды тарту үшін Шымкент филиалының ӘҚҚ қызметінің мамандары бірқатар қала мектептерінде кәсіптік бағдар беру сабақтарын өткізді.

Жоғары сынып оқушылары авиадиспетчер мамандығының тарихымен таныстырылды, оның ерекшеліктері сипатталып, авиадиспетчер болу үшін қажетті кәсіби қасиеттер мен денсаулық жағдайына қойылатын талаптар туралы айтылды.

"Қазаэронавигация" РМК-ны таныстыра отырып, спикерлер кәсіпорын қызметінің бағыттары туралы айтып берді, Түркістан қаласындағы әуежай құрылысы бойынша дайындық іс-шараларының басталуына және осыған байланысты білікті персоналға қажеттіліктің артуына байланысты Оңтүстік Қазақстанның аэронавигациясын дамыту перспективаларына ерекше назар аударылды.

 Оқу туралы айта келе, оқушыларды диспетчерлерді даярлайтын оқу орталықтарымен, оқуға түсу үшін үміткерлерге қойылатын талаптармен және үміткерлерді іріктеу кезеңдерімен таныстырды.

Әр кәсіптік бағдар сабағының соңында жоғары сынып оқушылары жақында оқуды аяқтаған, бірақ өз бетінше жұмыс істеуге рұқсат алған жас диспетчерлермен сөйлесуге мүмкіндік алды, бұл үлкен қызығушылық пен көптеген жан-жақты сұрақтар тудырды.

 

1261