МАК аэронавигация саласындағы көпжылдық ынтымақтастықты қорытындылады
Салынған уақыты 29.05.2024 18:14
15-17 мамыр аралығында Мәскеу қаласында Мемлекетаралық авиация комитетінің Аэронавигация жөніндегі үйлестіру комиссиясының 25-ші мерейтойлық отырысы өтті.
Отырысқа халықаралық әуе көлігі қауымдастығының, Еуразиялық экономикалық комиссияның, «Ұшу қауіпсіздігі» Халықаралық консультативтік-талдау агенттігінің, авиациялық әкімшіліктер мен аэронавигациялық қызметтердің өкілдері, оның ішінде «Қазаэронавигация» РМК өкілдері, метеорологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру бөлімінің мамандары Гүлбаршын Тілеумұратова мен Владимир Иост қатысты.
Кездесу барысында азаматтық авиация ұшуларына аэронавигациялық қызмет көрсету саласындағы көпжылдық жемісті ынтымақтастықтың қорытындылары шығарылып, ИКАО-ның қолданыстағы стандарттары шеңберіндегі қазіргі заман талабына сәйкес Келісімге қатысушы мемлекеттер мен МАК арасындағы одан әрі өзара іс-қимыл алгоритмі белгіленді.
Мемлекетаралық авиация комитетінің басшылығы «Қазаэронавигация» РМК-ны жемісті ынтымақтастығы және аэронавигациялық саланы дамытуға қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапаттады.
795