«Қазаэронавигация» РМК маманына «Құрметті Аэронавигатор» атағы берілді
Салынған уақыты 24.05.2024 16:37
«Қазаэронавигация» РМК ӘҚҰ департаменті директорының орынбасары Қайрат Тіленшинге "Шекарасыз Аэронавигация" халықаралық қоғамдық қозғалысының шешімімен «Құрметті Аэронавигатор» қоғамдық атағы берілді.
Әлем бойынша «Құрметті Аэронавигатор» қоғамдық атағы, әдетте, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан айрықша еңбегі мен жеке үлесі үшін аэронавигациялық жүйеде кемінде 25 жыл жұмыс өтілі бар азаматтарға беріледі.
Қайрат Николаевич 1992 жылы Кировоград азаматтық авиация жоғары ұшу училищесін (Украина, Кировград қ.) әуе қозғалысын басқару инженері мамандығы бойынша бітірді. Ол өзінің кәсіби мансабын кейіннен «Қазаэронавигация» РМК болып қайта құрылған Ақтөбе БАО ӘҚБ диспетчері лауазымынан бастады.
Өмірінің 32 жылын Қайрат Николаевич Қазақстан Республикасының ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, аэронавигацияны ұйымдастыруға және дамытуға арнап, қатардағы қызметкерден басшы лауазымына дейін көтерілді. Ол сондай-ақ халықаралық аэронавигациялық қоғамдастықта ұлттық аэронавигациялық жүйенің беделін арттыруға елеулі үлес қосты.
Еліміз тәуелсіздік алғалы бері «Құрметті Аэронавигатор» атағы үш қазақстандыққа ғана берілген.
769