Тәуелсіз Қазақстан тарихында әуе кеңістігіндегі көрсетілген қызмет көлемі рекордтық көрсеткішке жетті
Салынған уақыты 20.05.2024 09:53
2023 жылы Республиканың әуе кеңістігінде «Қазаэронавигация» РМК мамандары 415 497 ұшуға, оның ішінде 107 247 қазақстандық және 308 250 шетелдік авиакомпанияға қызмет көрсетті. Бұл еліміздің тәуелсіздік алған жылдардағы рекордтық көрсеткіші болып табылады. Көлік министрлігінің, Азаматтық авиация комитетінің, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің және «Қазаэронавигация»РМК-ның авиация саласын дамыту бойынша тиімді жұмысының арқасында жыл сайын рейстер саны артып келеді. Егер 2015 жылмен салыстыратын болсақ, бұл көрсеткіш шамамен 2 есеге өсті.
Ағымдағы жылдың үш айының өзінде Қазақстанның әуе кеңістігінде 90 мыңнан астам авиакомпанияға, оның ішінде қазақстандық авиакомпаниялар орындаған 25 мың рейске және шетелдік авиакомпаниялардың 69 мың рейсіне қызмет көрсетілді.
Бүгінгі таңда «Қазаэронавигация» РМК Қазақстан Республикасының бүкіл аумағын әуе қозғалысын ұйымдастырумен қамтып отыр (2,7 миллион шаршы шақырым), оның бақылауындағы әуе трассаларының жалпы ұзындығы 111 мың шақырымды құрайды. Орташа алғанда, бір жыл ішінде Кәсіпорын 400 мыңнан астам әуе кемесіне қызмет көрсетеді.
«Қазаэронавигация» РМК – 4 өңірлік орталықты, 11 филиалды, 16 алыс жердегі позицияны, Медициналық орталық пен Кәсіби дайындау орталығын қамтитын ірі Кәсіпорын.
Кәсіпорынның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
2586