ruenkz

Көлік министрлігінің оқушылармен кәсіби бағдар беру жұмысы

Салынған уақыты 14.05.2024 16:26

Елордалық оқушылар көлік саласы мамандарының өз аузынан саланың қыр-сыры туралы ақпарат алды. Көлік министрлігінің басшысы Марат Қарабаев Астана қаласы мектептерінің түлектерімен «ашық микрофон» форматында кездесу өткізді.

Марат Қарабаев өз сөзінде «Мемлекет басшысы еліміздің көліктік-логистикалық әлеуетін нығайтуға күш салуды тапсырды. Кәсіби кадрлар кез келген саланың табысты дамуының кепілі. Осы кездесудің мақсаты көлік саласының маңыздылығын түсіндіруге бағытталған. Көлік саласы қоғамның ұтқырлығын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Осыған байланысты саланы дамытуда кадрлық әлеует маңызды рөл атқарады. «Сұрақ-жауап» форматындағы осындай іс-шаралар көлік саласына деген сіздің қызығушылығыңызды  тудыра отырып,  болашақта осы салада жетістіктерге жетуге шабыт береді деп үміттенеміз», - деді.

Аталған іс-шараға оқушылармен қатар көлік саласының жетекші компаниялары, оның ішінде «Қазаэронавигация» РМК қатысты. Кездесу барысында сарапшылар теміржол жұмысынан бастап авиация мен теңіз көлігіне дейінгі көлік қызметінің әртүрлі аспектілері бойынша өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісті. Әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчері Бауыржан Изжанов «авиадиспетчер» мамандығы туралы және аэронавигация саласында табысты мансапқа қол жеткізу үшін қажетті дағдылар мен білім туралы, бұл сектордың кәсіби даму үшін қандай мүмкіндіктер беретіні, сондай-ақ жас мамандарды қандай сын-қатерлер мен перспективалар күтіп тұрғаны туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Өз кезегінде салалық жоғары оқу орындарының өкілдері логистика, авиация, теңіз және автомобиль көлігі сияқты көліктің түрлі салаларында жұмыс істеу үшін мамандар даярлауға көмектесетін мамандандырулар мен оқыту бағдарламалары туралы ақпаратпен бөлісті.

Қазіргі уақытта Көлік министрлігі көлік саласында кадрлар даярлау бойынша жұмыстар жүргізуде. Айта кету керек, бүгінде білікті кадрлардың тапшылығы мәселесі аса маңызды. Қазіргі уақытта авто, теміржол және авиация мамандарына жалпы қажеттілік шамамен 9 мыңды құрайды. Бұл ретте, 39 жоғары оқу орнында 16 мыңнан астам студент оқуда. Алайда, «Автомобиль жолдары мен әуеайлақтар құрылысы», «Көпірлер мен көлік тоннельдерін салу», «Темір жолдар құрылысы" мамандықтары бойынша барлығы 441 студент оқиды.

Мәселен, көлік министрлігі Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, осы мамандықтар бойынша берілетін гранттарды ұлғайту бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.

934