ruenkz

Данияда халықаралық авиациялық маршруттарды дамыту форумы аяқталды

Салынған уақыты 30.04.2024 10:47

Бас директордың орынбасары Ардақ Өтепов бастаған «Қазаэронавигация» РМК өкілдері Еуропаның Routes Europe 2024 форумына қатысты. Форумның негізгі мақсаты – халықаралық авиациялық маршруттарды дамыту. Іс-шара үстіміздегі жылдың 22-24 сәуірі аралығында Данияның Орхус қаласында өтті.

 «Қазаэронавигация» РМК қызметкерлері Lufthansa, Scandinavian Airlines, Polish Airlines, Air India, Finnair, Wizz Air, Air Baltic, Swiss Airlines және Air Arabia авиакомпанияларымен, авиация саласының басқа да өкілдерімен кездесулер өткізіп, тараптар арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың тиімді бағыттары мен перспективаларын талқылады, осы бағыттағы бірлескен жұмыстарды жалғастыруға уағдаласты. 

Сонымен қатар Астана қаласының әуежайымен бірлесіп, Air Baltic, Air Arabia, Wizz air, Polish Airlines авиакомпанияларымен кездесу өткізіліп, онда Қазақстан Республикасының аумағында қону рейстерін орындау және олардың санын арттыру мүмкіндіктері талқыланды.

Форум аясында әр елден келген сарапшылардың қатысуымен конференциялар, салалық көрме, брифинг, семинарлар, телекөпірлер өткізілді. Routes Europe форумына барлығы бір мыңнан астам делегат, оның ішінде авиакомпания, әуежайлардың, туризм саласының 450-ден астам өкілі қатысты.

 

836