"Қазаэронавигация" РМК аппарат басшысы Қарағанды филиалына жұмыс сапарымен барды
Салынған уақыты 24.04.2024 10:05
"Қазаэронавигация" РМК аппарат басшысы Талғат Мұқанов Қарағанды филиалына жұмыс сапарымен барды, оның барысында өңірдің әуе қозғалысын басқару пунктінде болып, материалдық-техникалық базамен танысып, филиал қызметкерлерімен кездесті.
Қызметкерлермен кездесу барысында тұрғын үй, материалдық ынталандыру, қызметкерлерді қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, кәсіпорында және жалпы филиалдарда жоспарланған өзгерістер мен жаңа көзқарастар туралы айтылды.
Филиал мамандары еңбек қызметіне байланысты өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, аппарат басшысы оны өзінің жеке бақылауына алды. "Қазаэронавигация" РМК филиалдарының қызметкерлерімен осындай кездесулер кәсіпорынның әрбір жұмыскерінің еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында тұрақты негізде өткізілетін болады.
1572