«Қазаэронавигация» мамандары «Еуразия» Үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты
Салынған уақыты 18.04.2024 13:28
16 сәуірде Санкт-Петербург қаласында «Еуразия» Үйлестіру кеңесінің 38-ші отырысы өтті. Кеңесті «Еуразия» ҮК төрағасы – «Қазаэронавигация» РМК бас директорының орынбасары Ардақ Өтепов ашып, өз сөзінде тиімді аэронавигациялық қызмет көрсетуде маңызды роль атқара отырып, авиакөлік саласында қауіпсіздікке басты басымдық берілетінін атап өтті. Сондай-ақ, ынтымақтастықты жалғастырудың маңыздылығын көрсетіп, ресейлік тарапқа ұйымдастырылған іс-шара үшін алғысын білдірді.
Отырыс барысында «Еуразия» ҮК мүшелерінің баяндамаларына басты назар аударылып, онда аэронавигациялық кәсіпорындардың өкілдері ұлттық АНҚ провайдерлерінің қызметі туралы айтып, ұшу қауіпсіздігі мен аэронавигациялық қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған түрлі жобаларды іске асыру тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ қатысушыларды даму жоспарлары туралы хабардар етті. Пилотсыз авиацияның ұшуын қамтамасыз ету және ортақ әуе кеңістігіне пилотсыз әуе кемелерін біріктіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шараға Росавиация өкілдері, «Еуразия» Үйлестіру кеңесінің мүшелері - ФГУП «Госкорпорация по ОрВД», «Қазаэронавигация» РМК (Қазақстан), «Азераэронавигация» (Әзірбайжан), ЗАО «Армаэронавигация», Государственное предприятие «Белаэронавигация» (Беларусь), ГП «Кыргызаэронавигация» (Қырғызстан), ГУП «Таджикаэронавигация» (Тәжікстан) и Центр «Узаэронавигация» (Өзбекстан) және ИАТА, МАК және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Отырыс барысында «Еуразия» ҮК мүшелері одан әрі ынтымақтастық бағыттарын анықтап, «Еуразия» сарапшыларының Үйлестіру тобының қызмет жоспарына енгізу үшін жұмыс форматы мен ұсыныстарын талқылады.
Айта кетейік, «Еуразия» Үйлестіру Кеңесі 1999 жылы әуе қозғалысын ұйымдастыруда жедел мәселелерді шешу, әуе қозғалысы ағындарын ұйымдастыру саласындағы аэронавигациялық кәсіпорындардың іс-қимылдарын үйлестіру, ӘҚҰ ұқсас органдары арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру, сондай-ақ ұлттық авиациялық әкімшіліктерге ұлттық аэронавигациялық жүйелерді дамыту бойынша келісілген шараларды әзірлеу және ұсыну мақсатында құрылды.
917