«Еуразия» үйлестіру одағы («Еуразия» ҮО) мен сарапшылардың үйлестіру тобының 36-інші бірлескен кеңесі
Салынған уақыты 02.05.2019 10:19
2019 жылғы 22-26 сәуір аралығында Душанбе қаласында (Таджикистан Республикасы) «Еуразия» үйлестіру одағы («Еуразия» ҮО) мен сарапшылардың үйлестіру тобының 36-інші бірлескен кеңесі болып өтті.
Кеңес жұмысына Әзірбайжан, Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан аэронавигациялық кәсіпорындарының делегаттары, сондай-ақ «Еуразия» үйлестіру кеңесінің тұрақты бақылаушы кәсіпорындары мен ұйымдары қатысты.
ИКАО, ИАТА, МАК сияқты азаматтық авиация саласының халықаралық ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ аэронавигациялық жабдықтарды өндіруші кәсіпорындар мен авиациялық оқу орталықтарының өкілдері «Еуразия» ҮО бақылаушыларының құрамына кірді.
2019 жылғы 22-24 сәуір аралығында күн тәртібіне сәйкес мәселелер қаралған сарапшылардың үйлестіру тобының кеңесі өткізілді.
2019 жылғы 25-26 сәуірде АНҰ кәсіпорындарының басшылары қатысқан «Еуразия» ҮО кеңесі болып өтті. «Қазаэронавигация» РМК бас директоры А.Ғ. Бектұров Қазақстан Республикасының аэронавигациялық жүйесінің ағымдағы жағдайы мен оны дамыту перспективасы туралы презентация ұсынды.
«Еуразия» ҮО кеңесінде алғаш рет мынадай тақырыптарда дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды:
- Пилотсыз авиациялық жүйелердің бөлінбеген әуе кеңістігіне бірігуі;
- Бос бағыттардың әуе кеңістігі. Өңірлерде «Еуразия» ҮО енгізу перспективасы.
Кеңес барысында Баку қаласындағы Әуе қозғалысына қызмет көрсету орталығы, халықаралық әуежайдың диспетчерлік мұнарасы және Әзірбайжанның әуе кеңістігін тиімді пайдалану орталығы (ASEC) көрсетілді.
«Еуразия» ҮО 37-кезекті кеңесі 2019 жылғы қыркүйек айында Алматы қаласында жоспарланды.
1799