Петропавл филиалында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша іздеу және құтқару ауданында іздестіру-құтқару операцияларын ұйымдастыру бойынша үйлестіру жаттығулары өтті.
Салынған уақыты 30.04.2019 10:50
18 сәуірде Петропавл филиалында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша іздеу және құтқару ауданында іздестіру-құтқару операцияларын ұйымдастыру бойынша үйлестіру жаттығулары өтті. Оқу-жаттығуға Петропавл қаласы әуежайының авариялық-құтқару қызметтері, Aeropract авиакомпаниясы, Петропавл филиалы жұмылдырылды. Оқу-жаттығуларды Азаматтық авиация комитеті мен "Қазаэронавигация"РМК әуе қозғалысын жоспарлау бас орталығының өкілдері басқарды.
Сценарий бойынша АН-2 әуе кемесі Петропавл қаласының әуеайлағынан 20 шақырым жерде қозғалтқыштың жануы және әуеайлақтан тыс авариялық қону туралы шешім қабылдау туралы баяндады. ВО-105 кезекші әуе кемесі бортта құтқарушылармен бірге жолаушыларды іздестіру және құтқару үшін ұшып кетті.
Аталған оқу-жаттығудың мақсаты жедел жоспарларды, өзара іс-қимыл, байланыс және үйлестіру жүйесін жетілдіру дағдыларын пысықтау және тексеру болып табылады.
Оқу-жаттығу сәтті өтті. Петропавл қаласы әуежайының авариялық-құтқару қызметтері, ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету бойынша әуе кемесінің кезекші экипажы, Петропавл филиалының ӘҚҚ және РТЖБП қызметтері және іздестіру мен құтқаруды үйлестіру орталығы арасындағы өзара іс-қимыл пысықталды.
1303