ruenkz

«Қазаэронавигация» мамандары су тасқыны кезінде құтқару борттарын үйлестіреді

Салынған уақыты 02.04.2024 18:05

Күн сайын «Қазаэронавигация» диспетчерлері жүздеген ұшақтарға қызмет көрсетеді, бірақ көктемгі су тасқыны мамандардың күнделікті өміріне түзетулер енгізеді.

Барлығы білетіндей, үлкен су ауылдарды ғана емес, қалаларды да басып алады.Күн сайын су басқан елді мекендерден мыңдаған адам эвакуацияланады. Су тасқынымен күресу үшін төтенше жағдайлар қызметі, коммуналдық кәсіпорындар, полиция мен әскерилер тартылды.

Қазақстандықтарды құтқаруға «Қазаэронавигация» мамандары да қатысуда. Бұл күндері диспетчерлер әуе кеңістігіндегі жолаушылар ұшақтарын ғана емес, құтқару борттарын да үйлестіреді. Соңғысының міндеттері адамдарды табу және жету қиын жерлерден эвакуациялау.

Тағы бір маңызды факт, бұған дейін "Қазаэронавигация" кәсіпорнының базасында іздестіру және құтқару үйлестіру орталығы құрылған болатын, оның міндеті апатқа ұшыраған  әуе кемелері туралы ақпарат алу кезінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жедел жүргізу болып табылады. 27 тікұшақ экипажы күн сайын кезекшілікте. Олар Қазақстанның әр аймағында орналасқан. Қажет болған жағдайда олар табиғи апаттар кезінде құтқару жұмыстарына да қатыса алады.

Бүгінде құтқару жұмыстарына «Қазавиапас», «Дала Эйр», Шығыс Қазақстан облысының авиациялық бөлімшелерінің тікұшақтары жұмылдырылған.

872