ruenkz

«Қазаэронавигация» әуе диспетчерлері Парижден алғашқы рейске қызмет көрсетті

Салынған уақыты 01.04.2024 14:51

Наурыздың 29-ы күні Шымкент әуежайына Парижден келген жүк ұшағы алғаш рет қонды. Париж-Шымкент-Хайнань бағыты бойынша ұшатын ұшақтың техникалық қонуы француздық жүк тасымалдаушы FTL авиакомпаниясымен бұрын қол жеткізілген келісімдер аясында жүзеге асты. Алдағы уақытта Шымкентке әуе жүктерін тасымалдауды жүйелі түрде ұйымдастыру жоспарлануда.

Айта кетсек, өткен жылда «Қазаэронавигация» Шымкент филиалының диспетчерлері 16 мыңға жуық ұшаққа қызмет көрсеткен болатын.

 

944