ruenkz

Қазақстан мен Моңғолия ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Салынған уақыты 29.03.2024 16:20

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің уйлестіруімен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі халықаралық ынтымақтастықты, оның ішінде өңірдің авиациялық билік орындарымен екіжақты қатынастарды нығайту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.


АҚШ-қа ұшуларды орындауға бірлескен дайындық мақсатында бас директордың авиациялық қауіпсіздік жөніндегі орынбасары Дархан Еспотанов бастаған Қазақстанның авиациялық әкімшілігі сарапшылар тобының Моңғолияның азаматтық авиация басқармасына сапары өтті. Кездесу барысында тараптар азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу саласында тәжірибе алмасты, "Шыңғысхан" халықаралық әуежайына барды. Сарапшылар азаматтық авиация саласының жай-күйін талқылады, әуе кемесін пайдалану кезінде ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті сертификаттау және қадағалау рәсімдеріне, ұшуға жарамдылығын сақтауға, авиациялық персоналды лицензиялауға және "Шыңғысхан" халықаралық әуежайындағы авиациялық қауіпсіздік жүйелеріне талдау жүргізілді. Моңғол тарапы реттеушінің, ҚАӘ стандарттаушылар институтының қызметін қаржыландыру жүйесін жаңғыртуға, авиациялық инспекторлардың біліктілігін қолдауға мүдделілік білдірді.


Сонымен қатар, ҚАӘ тәжірибесі негізінде Моңғолияның азаматтық авиация басқармасының өкілдері ұшу қауіпсіздігін қадағалау мен мониторингтеудің, бұзушылықтарды есепке алудың және тәуекелдерді бағалаудың цифрлық жүйесін енгізу мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты.
Сапар қорытындысы бойынша Моңғолияның азаматтық авиация басқармасы мен ҚАӘ өкілдері ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға және кеңейтуге уағдаласты.

761