«Қазаэронавигация» РМК өкілдері Үрімшіде өткен дөңгелек үстелге қатысты
Салынған уақыты 28.03.2024 08:26
Көлік министрі Марат Қарабаев бастаған қазақстандық делегация Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды.
Кездесу аясында 60-қа жуық қазақстандық және қытайлық компания өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Оған «Қазаэронавигация» РМК мамандары да қатысты. Көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау барысында бірқатар кешенді шаралар әзірленіп, ұсынылды, олар: қосымша шекаралық өткізу пункттерін ашу, сондай-ақ екі елдің көлік компаниялары арасындағы жүйелі жұмысты күшейту.
Сондай-ақ Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында ҚРКМ басшысы мен Астана және Алматы әуе порттарының өкілдері Үрімші Дивопу халықаралық әуежайында болды. Қытай сарапшылары ҚХР шекаралас аймағындағы әуе айлағын дамыту бағдарламасын таныстырды, сонымен қатар әуе қозғалысын басқару бюросының жұмысын көрсетті.
Бүгінде Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында 28 әуежай бар. Үрімші әуежайы аймақтағы жетекші әуежай болып табылады. Өткен жылда оның мамандары 26 миллион жолаушыға қызмет көрсетті.
246