ruenkz

Халықаралық еңбекті қорғау күніне арналған семинар-мәжіліс

Салынған уақыты 24.04.2019 10:15

«Қазаэронавигация» РМК Атырау филиалы 28 сәуір  Халықаралық еңбекті қорғау күні қарсаңында акт залында «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ-ның санитарлық пункт пен ҰІАҚҚ қызметі өкілдерінің қатысуымен «Еңбекті қорғау: бүгін және ертең» тақырыппен семинар-мәжіліс өткізді.

Семинар барысында сөйлеушілер қатысушыларға еңбекті қорғау саласында жұмыстың негізгі бағыттары, өндірісте жарақаттануды болдырмау шаралары, қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары туралы әңгімеледі, алғашқы көмек қобдишасы мен өрт сөндіру құралын қалай дұрыс қолдану керектігін көрсетті. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, еңбекте өндірістік тәртіп талаптарын сақтағандары үшін филиал қызметкерлерін ынталандыру мақсатында  соңғы айларда жұмыс орындарында еңбекті қорғау талаптарын бұзушылыққа жол бермегендері үшін РТЖБП қызметінің РЛ және РНК кешенінің инженер-техник қызметкерлер құрамы мадақталды.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын жұмыс орнында сақтау – барлығымыз үшін қол жетімді мақсат. Баршаңызды келе жатырған мерекемен құттықтаймыз! Денсаулық, жұмыста қолайлы климат және еңбекте табыстар тілейміз!

 

1520