Амал мерекесі
Салынған уақыты 14.03.2024 15:53
Бүгін қазақ халқының көнеден келе жатқан мерекелерінің бірі - Көрісу күні. Бұл мерекені Маңғыстау өңірінің жұрты Амал мерекесі деп те атайды. Көрісу - қазақ халқының өскелең ұрпақты ізеттілік пен мейірімділікке, ауызбіршілік пен кішіпейілділікке, татулық пен бауырмалдыққа бастайтын ерекше үрдістерінің бірі. Бұл күні туыстар бір-бірінің үйіне барып, өкпе-реніштерін ұмытып, бір-біріне жақсылық тілеп жатады.
«Бір жасың құтты болсын!» деп тілек тілеу ата-бабаларымыздың әр адамның туған күнін жеке-жеке тойламайтындығының дәлелі. Жаңа жылда бір жас қосылатыны анық. Сондықтан, осы күні ғана адамдар бір-біріне «Жасың құтты болсын!» деп тілек тілейді.
Осы мерекеге орай «Қазаэронавигация» РМК Ақтау филиалының ұжымы да бір-бірімен көрісіп, жылы лебіздерін білдіріп, ақ тілектерін жолдады.
1284