Airbus ұшағының «Ақылды салоны» жолаушыға қарай бейімделеді
Салынған уақыты 22.04.2019 09:25
Еуропалық Airbus ұшақ құрастырушысы жолаушылар салондарын жасау кезінде Интернет технологияларын қолдана бастағанын жариялады. «Ақылды салон» жасау жобасымен Gategroup, Stelia Aerospace, Recaro Aircraft Seating сияқты ірі өнім берушілер айналысты. Airbus Connected Experience платформасы жолаушыларға мүдделерге негізделген контент қана емес, өткен ұшулар бойынша деректерге сүйене отырып, параметрлері жеке бейімделген креслолар ұсынады.
Платформа Интернет өнімдерін қолдана отырып, салонның негізгі элементтері — кресло, багаж сөрелері, ойын-сауық және жарықтандыру жүйелері, бортта тамақтандыру арбалары және дәретхана бөлмелері бойынша алынған деректерді жинақтап, талдау жүргізеді. Алынған ақпарат экипаждың жолаушылармен қашықтықтан қарым-қатынасы үшін пайдаланылатын болады және көрсетілетін қызметтерді әрбір жолаушыға жеке бейімдеуге мүмкіндік береді
1316