ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК Қостанай филиалының қызметкерін «Құрметті авиатор» төс белгісімен марапаттады

Салынған уақыты 22.02.2024 09:41

Қостанай филиалында ӘҚҚ қызметінің ұшу басшысы А.Т. Дильдибеков азаматтық авиация саласындағы  көп жылғы еңбегі үшін «Құрметті авиатор» төс белгісімен марапатталды.
Авиацияда жұмыс істеген жылдарында А.Т. Дильдибеков ӘҚҚ қызметін дамытуға зор үлес қосты, өзін өз ісінің сауатты маманы ретінде көрсетті, өзінің үлкен кәсіби тәжірибесін жұмыстағы әріптестерімен және жас мамандармен  риясыз бөлісті. Әртүрлі лауазымдарда 44 жыл жұмыс өтілі бар А.Т. Дильдибеков ұжымда абыройлы және беделді.

 Қостанай филиалының барлық қызметкерлерінің атынан А.Т. Дильдибековті өзінің жоғары жеке қасиеттерінің тікелей дәлелі болып табылатын марапатқа ие болуымен шын жүректен құттықтаймыз. Сізге одан әрі табысты өмір жолын, ойластырылған ауқымды мақсаттарды тез уақытта іске асыруыңызға тілектеспіз.

 

628