ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК-да елордалық әуежай жолаушыларына көмек көрсету жөніндегі іс-шараларға белсенді атсалысқан қызметкерлерін атап өтті

Салынған уақыты 15.02.2024 17:06

Жаңа 2024 жыл қарсаңында 2500-ден астам жолаушы ауа-райының қолайсыздығына тап болып, Астана халықаралық әуежайында бірнеше сағат бойы өз рейстерін күтті.
Осыған байланысты ҚР Көлік министрінің тапсырмасы бойынша рейстерді күтіп тұрған жолаушыларға көмек көрсету үшін жедел штаб құрылды. «Қазаэронавигация» РМК қызметкерлері жолаушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету және концерттік бағдарламаны ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларға белсенді түрде қатысты.
Бүгін бас директордың орынбасары А.Т. Утепов аталған іс-шараларға белсенді түрде қатысқан қызметкерлерге алғысын білдірді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Көлік министрі М. Қарабаевтың атынан алғыс хаттар табыс етті.

778