Атырау филиалында «Ауған соғысына 35 жыл» толуына орай іс-шара өтті.
Салынған уақыты 16.02.2024 15:15
Бүгін, 2024 жылғы 16 ақпан күні «Қазаэронавигация» РМК Атырау филиалында «Ауған соғысына 35 жыл» толуына орай іс-шара өтті. Шараны филиал директоры Бауыржан Қорықбайұлы Молдалиев Қазақстаннан Ауған соғысына 22296 адам қатысып, олардың 929 адам қаза тапқан, 19 адам хабарсыз кеткен, бүгінгі таңда елімізде 16612-ге жуық ауған ардагерлері бар екенің айтып, ашты. Қаза тапқан азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алып, Қазақстан Республикасының гимні айтылды.
Сол майданды көзімен көріп, аман оралған азамат, бейбіт күннің қаhарманы, ауған соғысының ардагері өзіміздің әріптесіміз радиотехникалық жабдық және байланысты пайдалану қызметі ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету кешенінің І санатты инженері Аманжол Қабдолұлы Есқалиевті құттықтап, сыйлық табысталып, әріптестері тілектерін айтты.
Аманжол Қабдолұлы, өз сөзінде 15 ақпан күні – Ауғаныстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылған күні. Сондықтан Қазақстанның жер-жерінде бұл күн ескерусіз қалмайды. Кеше Атырау қаласында елім деп өткен боздақтарды еске алып, Ауған ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Атаулы датаға орай, кітап құрастырушы, филиология ғылымдарының кандидаты Айгүл Әміржанқызы Ермекованың Ауған жерінде қан кешкен өрімдей жігіттер жайлы «1979-1989жж. Ауған соғысындағы Атыраулық жауынгерлер шежіресі» атты кітабы маған сыйға тартылды. Өмір қай пендеге де қымбат ғой, 18 жаста от кешкен, елге оралмаған менің қаhарман қаруластарым, өлгісі келмеген болатын деп, - сол уақытты еске алды.
Келер жылы Атырау филиалына 30 жыл тоуына орай биылдан бастап Бауыржан Қорықбайұлы филиал мұражайын қолға алып, іске қосты, жастарға үлгі болар деген оймен, тарихта осындай бір кезен өткенің жас буын білуі тиіс деген мақсатта осы кітапты сол мұражайға табыстаймын, деп сөзін аяқтады.
1045