ruenkz

Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!

Салынған уақыты 01.02.2024 10:26

«Қазаэронавигация» РМК қызметкерлерінің атынан және өз атымнан Сіздерді кәсіби мереке – Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация күнімен құттықтаймын!

Бүгінде өмірімізді авиациясыз елестету мүмкін емес,  бірде-бір басқа көлікте жылдамдық жағынан бұндай артықшылық жоқ. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, оның ұлттық қауіпсіздігі, қорғаныс қабілеті және өмір сүру сапасын арттыру әуе көлігінің тұрақты және тиімді жұмыс істеуіне байланысты.

«Қазаэронавигация» РМК ұшу қауіпсіздігін жүйелі және тиімді түрде үздіксіз қамтамасыз ете отырып, инфрақұрылымды жетілдіру және технологиялық процестерді автоматтандыру жолымен қазақстандық азаматтық авиацияның қызметіне елеулі үлес қосуда.

Азаматтық авиация саласының барлық қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық, сарқылмас күш-қуат пен болашаққа деген нық сенім тілеймін!

 

Н. Ахметов

Бас директор

743