«Қазаэронавигация» РМК командасы авиакәсіпорындар арасында үстел теннисі турнирінде жеңіске жетті
Салынған уақыты 29.01.2024 11:29
2024 жылдың 28 қаңтарында авиакәсіпорындар арасында жыл сайын 1 ақпанда атап өтілетін Азаматтық авиация қызметкерлері күні – жаңа кәсіби мерекесіне орайластырылған үстел теннисінен ашық турнир өтті. Турнирге 16-дан астам команда қатысты, оның ішінде «Қазаэронавигация» РМК, Азаматтық авиация академиясы, Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Атырау қалаларының әуежайлары және басқа да отандық әуежайлар мен авиакомпаниялар бар.
"Қазаэронавигация" РМК командасы турнирде жеңіске жетті.
1462