DVOR/DME Ақтау филиалында
Салынған уақыты 15.04.2019 15:28
Әуе қозғалысын ұйымдастыру саласына жаңа технологияларды енгізуге байланысты ескірген және ресурсы таусылған радиотехникалық жабдықты жаңғырту немесе алмастыру талап етіледі. Осыған орай DVOR/DME радионавигациялық жүйе объектісінің құрылысы аяқталды. DVOR/DME радиомаягы VOR/DME радиомаягының жетілдірілген түрі болып табылады және азимут пен әуе кемесінің қашықтығын неғұрлым дәл анықтауды қамтамасыз етеді. Құрылыс жабдықты қабылдау-тапсыру сынақтарымен, сертификаттар берумен қоса қызметкерлерді оқытумен және ұшып тексеру жүргізумен аяқталды. Дайындаушы зауыт мәлімдеген пайдалану-техникалық сипаттамаларын растау мақсатында, тексеру «Aeroprakt.KZ» ЖШС-ға тиесілі ұшақ-зертханамен жүргізілді. Бұл жабдық AIP жарияланғанннан кейін пайдалануға беріледі.
1254