Airbus 2021 жылы A330 багаж бөлігінде алғашқы жолаушылар модулін орнатпақшы
Салынған уақыты 15.04.2019 15:21
Еуропалық Airbus авиақұрылысшысы ұшақтың жүк бөліктерінде орнату үшін ұсынылатын жолаушылар модуліне әзірге клиенттер таппады, алайда идея авторлары өнімді нарыққа шығару және оны сертификаттау жөніндегі жоспарлармен бөлісті. Әзірленген Airbus және Safran модулі дегеніміз – жолаушылар рейстің белгілі бір кезеңіне брондай алатын кең фюзеляжды ұшақтың (багаж бөлігі орналасқан) төменгі палубасындағы кеңістік.
Airbus-тың ӘК салондарының маркетингі жөніндегі вице-президенті Инго Вуггетцердің айтуынша, жолаушылар модулі жатын кабина ретінде жақсы сатылатын болады. Сонымен қатар, бұл кеңістік балалардың ойын аймағы ретінде, сондай-ақ іскерлік кездесулер өткізу үшін келіссөз ретінде пайдаланылуы мүмкін
1253